Бүгін көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлының төрағалығымен облысқа арнайы іс сапармен келген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Сәбит Ахметовтың қатысуымен жиын болып өтті.

Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы және медицина ұйымдарының басшылары қатысты.
Жиында медициналық сақтандыру жинақтарының тиімділігі мен көрсетілетін қызметтер сапасы, тарифтер туралы айтылып, басқарма төрағасы бас дәрігерлердің сұрақтары мен ұсыныс пiкiрлерiне жауап берді.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін, бірінші кезекте, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әрі жеке медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулықтарын сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін жүйе болып табылады. Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызмет пакеттерінің 2 түрі ұсынылатын болады: Біріншісі – базалық пакет, мұнда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі. Бұл пакет Қазақстан азаматтарының барлығына қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметтері: жедел көмек және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер. Екінші – бұл қайта құрылған медициналық сақтандыру қорынан көрсетілетін сақтандыру пакеті. Оған кіретін қызметтер: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), стационардың орнын басатын көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмек.
Медициналық көмектің екі пакеті болады: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК); Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС). Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) – бұл көмек сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан барлық азаматтарға көрсетілетін болады: жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) — бұл емханаларда жалпы практика дәрігері, терапевт, педиатр сынды мамандар көрсететін қызметтер, стационарды алмастыратын шұғыл көмек және стационарлық медициналық көмек, паллиативтік көмек (туберкулез, онкология, терминалдық сатыдағы созылмалы аурулар, біреудің көмегінсіз жүріп-тұра алмайтын, қамқорлыққа мұқтаж адамдар). әлеуметтік маңызы бар аурулар, созылмалы және айналаға қауіп төндіретін негізгі ауруларға консультативтік-диагностикалық қызмет, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек түрлері тегін көрсетіледі, амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл көмек тек САҚТАНДЫРЫЛҒАН азаматтарға ғана көрсетілетін болады: салалық мамандардың қызметі және диагностика, бағасы қымбат болып келетін зерттеу әдістері (МРТ (магнитті резонанстық томография), КТ (компьютерлік томография), ПЦР (полимеразды тізбекті реакция), т.б. басқа зертханалық зерттеулер), ТМККК пакетінде қамтылмаған өзге де ауруларды амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын көмек, жоспарлы стационарлық көмек, қалпына келтіреу мақсатындағы ем-дом және медициналық оңалту.

БӨЛІСУ