Бүгін облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде денсаулық сақтау саласы бойынша тақырыптық қабылдау өткізілді.

Қабылдауды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Төлегенова Айгүл Асылбекқызы, Қызылорда қалалық Орталық емхана бас дәрігерінің орынбасары Есалиева Гүлдана Жанғабылқызы, №2 емхана бас дәрігерлерінің орынбасарлары Алмағанбетов Қуанышбек Жұбергенұлы мен Нұрмағанбет Айдана Набиқызы жүргізді.

Қабылдауға келген тұрғындар кәмелетке толмаған балаларын мүгедектікке шығару заңдылығы, стационарлық ем қабылдау жайында және басқа қалаларға ем алуға жолдама алу мәселелері бойынша кеңес сұрап келді.

Генетикалық потологиясы бар баланың анасына мүгедектікке шығарудың заңдылықтарын, яғни баланың бойындағы диагноздар түрлі бағытта екендігін және бұндай жағдайда заңнама бойынша мүгедектікке шығару мүмкін еместігі түсіндірілді.

Одан бөлек, туа біткен гидроцефалия диагнозы қойылған науқастың анасына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызының қайтадан толық тексерілуден өтіп, Талсуат оңалту орталығына стационарлық ем қабылдауға жатқызу керектігі айтылды.

БӨЛІСУ