Департамент басшысы Ерлеген Мендалиев Қармақшы ауданындағы жұмыс сапары барысында аудан активімен кездесу өткізді.

Жиынға аумақтық инспекция басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Басқосуда сөз алған департамент басшысы ағымдағы жылдың 6 айы ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып өтті.
Сонымен бірге, мәжіліс барысында мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытында болған өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырыспен жоғары оқу орындарын жақсы нәтижемен аяқтаған түлектерді аудан, ауыл деңгейінде мемлекеттік органдарға конкурстық іріктеусіз төменгі лауазымдарға тағайындау тәртібі, қашықтан, аралас қашықтан және икемді жұмыс жасау тәртібі, мемлекеттік қызметшілер арасында артық жұмыс жасау деректерін болдырмау, меритократия қағидаттарының сақталуы, ротациялық төлемдер тәртібі және басқа да бірқатар өзгерістерге түсіндірме жасалды.
Сонымен қатар, жиын барысында қатысушылардың сауалдарына жауаптар беріліп, консультациялық кеңестер ұсынылды.

Қармақшы ауданы Жастар орталығында аймағымыздағы жастармен еркін форматта кездесу өткізілді.
Жиынның басты мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың бойында мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттыру, Отан сүйгіштікке баулу, сол арқылы кәсіби кадр құрамын арттыру болып табылады.
Шара барысында Департамент басшысы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы қазіргі уақытта жас мамандардың мемлекеттік қызметке орналасу барысында болған өзгерістерге тоқталып, кеңінен ақпарат берді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы басқа да жаңалықтар жөнінде хабарлама жасап, мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу тәртібі туралы, соның ішінде Агенттікпен мемлекеттік қызметке іріктеу барысындағы жаңа пилоттық жоба бойынша түсіндірме берді.

БӨЛІСУ