Еламан Керейтбаев көшесінің қос қапталына аяқжол салынуда. Ұзындығы 1 шақырым, ені 1,5 метр болатын жаяу жүргіншілер жолының жабындысын «Ақнұр Авто» ЖШС төсеуде. Құрылысы шілде айында басталған бұл игілікті іс тамыз айында аяқталады.
Ауқымды шаруалардың барысын пысықтау мақсатында құрылыс нысандарын аралаған қала әкімі Асылбек Шаменов мердігерге жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде тапсыруды жүктеді.
Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылуда. Бұл бастама Абай даңғылы, Ш. Есенов және Ғ.Мұратбаев көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілуде. Жоба бойынша аулаларға тротуар салынып, асфальт төселінеді. Автотұрақтар жасалынады, жасыл-желек отырғызуға орындар дайындалады. Бүгінде мердігер мекеме «Азамат құрылыс» ЖШС жоспардағы жұмыстардың 60 пайызын орындады.
Ауқымды шаруалардың барысын пысықтау мақсатында құрылыс нысандарын аралаған қала әкімі Асылбек Шаменов мердігерге жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде тапсыруды жүктеді.
Сұлтан Бейбарыс көшесін (Н.Назарбаев даңғылы мен Тәуелсіздікке 25 жыл көшесінің аралығы) орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл көшенің бойында автокөлік ағымы басым екендігі белгілі. Сондықтан жолдың ені 4 жолақтыдан 6 жолақтыға кеңейтілуде. Бүгінде көшенің кеңейген бөлігін қоса алғанда беткі асфальт қабатына жабынды төселуде. Айта кету керек, құрылыс жұмыстарымен қатар жол белгілері қайта жаңғыртылып, жаңа бағдаршамдар орнатылады, аялдамалар салынады. Жөндеу жұмыстарына жауапты – «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС. Аталған көше тамыз айының 15-не ашылатын болады.
Ауқымды шаруалардың барысын пысықтау мақсатында құрылыс нысандарын аралаған қала әкімі Асылбек Шаменов мердігерге жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде тапсыруды жүктеді.
Абай даңғылы мен Ғ.Мұратбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің кварталаралық жылу желілері жаңартылуда. Ұзындығы 1 шақырым 700 метрді құрайтын жылу құбырларын «Механизатор» ЖШС ауыстыруда. Қазіргі уақытта жалпы жұмыстың 40 пайызға жуығы аяқталған болса, қалғаны толығымен күз айлары басталғанша бітеді. Нәтижесінде 50-ден астам көпқабатты тұрғын үй сапалы және тұрақты жылумен қамтылады.
Жұмыстың жүргізілуін пысықтаған қала әкімі Асылбек Шаменов тиісті сала басшысына және мердігерге жылыту маусымы кезеңіне дейінгі қажетті шаралардың талапқа сай және уақытылы атқарылуын тапсырды.