Аса қауіпті кезең – бұл суға шомылу маусымы. Су айдынындағы қайғылы оқиғалардың басты себептерінің бірі – су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтамау, белгіленбеген орындарда суға шомылу.

Маусым басталғалы бері төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан әкімінің аппараты, төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметімен бірлесе тұрғындар арасында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Осы орайда 2023 жылдың 22 шілдесінде аудан әкімінің орынбасары Апетов Ерсұлтан Амантайұлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірге су айдынындағы төтенше жағдайларды болдырмау және қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында рейдке шықты. Ол су айдыны маңындағы демалушыларға су айдынындағы жүріс-тұрыс қағидасын сақтамаған жағдайда қайғылы жағдайға ұшырау қаупі жоғары екендігін түсіндірді.
“Алдағы уақытта да суға шомылу орындарында күнделікті рейд жүргізіліп, бақылау шаралары күшейтілетін болады”,-деді әкімнің орынбасары Ерсұлтан Амантайұлы.

Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 адам суға кетіп қаза болды. Биыл облыстағы су айдындарында 20 адам қаза болды. Оның 15-і – ересек адам болса, 5-і – балалар.

2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұндай оқиғалар 10% азайған. Былтыр аталған уақытта 22 адам көз жұмды.
Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу. Атап айтсақ, азаматтар өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген жерлерге суға түседі. Олардың арасында спирттік ішімдік ішкендері де бар. Сондай-ақ, ересектердің бақылауынсыз балалардың су жағасына баруы байқалып отыр.

БӨЛІСУ