“Қызылорда-Жалағаш” автодәлізінің Тереңөзек кентінің тұсында Сырдария аудандық полиция бөлімі, “Сырдария жастары” еріктілер штабы мен аудандық аурухана және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен түнгі мезгілде жүргізушілердің жолда ұйықтап кетуінің алдын алу мақсатында «Рульде ұйқтамау» акциясы ұйымдастырылуда.

Бұл автодәліздегі жолдың бойында жол-көлік оқиғалары, түнгі уақытта мал қағу, жылдамдықты асыру кесірінен апатқа ұшырау жағдайларын болдырмау мақсатында қолға алынған шара.

Акцияда еріктілер мен тиісті сала мамандары жолдан шаршап, қалғып келе жатқан жүргізуші мен жолаушыларға ұйқыашар ретінде ыстық кофе мен тәтті тоқаштар үлестіріп, алдағы сапарларына сәттілік тілеуде.

Мұнан соң, аудандық аурухананың дәрігері медициналық тексеру жасап, жолаушыларға жолда қалғып жүрмеуі үшін түнгі ұйқыны дұрыстау қажеттігін де ескертті.

Жүргізушілер мен жолаушылар акцияны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіруде.

БӨЛІСУ