Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Байменова Ғалия Абсадыққызы партия алаңында азаматтарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Қабылдауға келген тұрғындар емханалардан берілетін тегін дәрі-дәрмектер мен балалар тамағының сапасы бойынша, дәріханаларда дәрі-дәрмектер бағасының сан-алуандығына байланысты және медициналық көмек көрсету сапасы бойынша шағымдарын білдірді.

Ғ. Байменова әрбір мәселеген тиісті заңнамаларға сай түсіндірме жүргізді. Мәселен, дәрі-дәрмек бағасына қатысты департамент басшысы ешбір дәріхана ҚР ДСМ Бұйырығы негізінде бекітілген шекті бағадан асыра алмайтынын, егер ондай заңбұзушылықтар орын алған жағдайлар болса 23-40-36 телефон нөміріне хабарласып, департаментке шағымдану мүмкіндігі бар екендігін жеткізді. Сонымен қатар бағаның шекті мәнін «Дәрі.кз» сайтына кіріп, анықтауға болатыны айтылды.

Ал медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар бойынша мәселені жан-жақты зерделеп, ем-дом шараларын сапалы жүргізу бойынша мекемелерге тиісті ұсыныстар беретіндігін және осында көтерілген мәселелер партиялық бақылауда болатынын түсіндірді.

БӨЛІСУ