2023 жылғы 1 маусымында облыстағы халық саны 838,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 393,5 мың адам (46,9%), ауылдықтар – 444,8 мың адам (53,1%).
Халықтың табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар-мамырында 6360 адамды құрады (2022 жылғы сәйкес кезеңінде 6181 адам). 2023 жылғы қаңтар-мамырында жаңадан туылған нәрестелер алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 0,1% көбейіп, шетінегендер 35% кем тіркелді.
Теріс көші-қон айырмасы қалыптасты және – -1767 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-мамырда – -2080 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -7 (-10), ішкі көші-қонда – -1760 (-2070 адам).
2023 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 122965 теңгені құрады және 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 17,7% өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 19,9% өсімін ескере отырып, халықтың нақты ақшалай табыстары 1,8% төмендеді.
2023 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 17,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2023 жылғы маусымның соңына 18,1 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,2% болып қалыптасты.
2023 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге (кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың жұмыскерлерін қоспағанда) есептелген орташа атаулы жалақы 293498 теңгені құрады. Өсім 2022 жылғы I тоқсанға 18,6% құрады. Нақты жалақы индексі 2023 жылғы I тоқсанда 98,9% болып қалыптасты.
Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы маусымда 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 105,1% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 6%, азық-түлік емес тауарларына – 4,4%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 4,5% өсті.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2023 жылғы маусымда 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 9,6% төмендеді.
Тіркелген заңды тұлғалардың саны 2023 жылғы 1 шілдеге жағдай бойынша 10839 бірлікті, оның ішінде 100 адамнан аз жұмыскерлері бар 10489 бірлікті құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 2,3% азайды. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 8815 бірлікті құрады, оның ішінде 8465 бірлікті шағын кәсіпорындар құрайды. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының саны (заңды тұлғалар) 8126 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% азайды.
2023 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі 197921,9 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 102,4% құрады (салыстырмалы бағада).
2023 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 126843,7 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 104,3% құрады (салыстырмалы бағада).
2023 жылғы қаңтар-мамырында алдын ала деректер бойынша ЕАЭО елдерімен өзара сауда 32,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25,1% аз, оның ішінде экспорт – 16,9 млн. АҚШ доллары (32,6% аз), импорт – 15,3 млн. АҚШ доллары (14,5% азайды).
2023 жылғы қаңтар-наурызда жалпы өңірлік өнім 535,6 млрд. теңгені құрады. ЖӨӨ көлемінің нақты өзгеру индексі 2022 жылғы тиісті кезеңге 1,7% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі 28,5%, қызмет көрсету – 62,5% құрады.
2023 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі (алдын ала деректер бойынша) 497154 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2022 жылғы деңгейден 1,7% кеміді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 4,4% кемісе, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 23,3% артты.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 36233,5 млн. теңгені құрап, 2022 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 1,8% артық болды.
2023 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 53660 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 54,9% артық.
2023 жылғы қаңтар-маусымында жүк айналымының көлемі 16432,2 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2022 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 5,4% көбейды. Жолаушылар айналымының көлемі 1025,6 млн. жкм құрап 11,6% артты.
2023 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 162039 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-маусымға 123,1% құрады.