Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық Әйелдер кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, бүгінгі күннің басты тақырыптарына айналған отбасы құндылығы мен тәрбие мәселесі айтылды.
– Сыр бойында өсіп, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосқан ардақты аналарымыз Балдырған Мұстафаева, Күләнда Әбдіраманова, Айша Меңлібаева аналарымыз Социалистік Еңбек ерлері атанса, Балапан Арзымбетова, Бексұлу Синаева аналырымыз еңбек ардагерлері атанып, алдыңғы саптың ізін жалғастырды.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» деген қанатты сөз бар. Ана дегенде бірінші ойымызға баланың тәрбиесі мен ананың мейірімі келеді. «Алып Анадан туады» деген. Осындай күн сайын мейірімін әлемге таратып, тілеуші аналарымызға алғаусыз рахмет айтқым келеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үздіксіз үлес қосып отқан әріптес қыз-келіншектерге де ерекше алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.
Кездесуде аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Жаналиева отбасы тәрбиесі мен құндылығы туралы ой-пікірін білдірсе, Айдарлы, Жетікөл, Шіркейлі ауылының әйелдер кеңесінің төрайымдары ұсыныстарын жеткізді.