Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 6 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Барлығы «E-License» электронды порталы арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі
1. «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру»;
2. «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»;
3. «Ағаш кесу және орман билетін беру»;
4. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»;
5. «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау»;
6. «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау».

Қызметті «Электронды үкімет» порталы арқылы:
1. «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде «E-License» порталы ашылады.
2. «E-License» порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. «Онлайн сұратым» батырмасын басқаннан кейін ашылған “электрондық лицензиялау” порталының бетінде Өтініш беру” сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін «Менің өтініштерім» бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінен, хабарламаны алу туралы “Менің хабарламаларым» бөлімінен біле аласыз.
Порталдың жұмыс кестесі
Профилактикалық жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызметтер бойынша кеңесті 8(7242) 60-53-69 байланыс телефоны арқылы және Басқарманың сайты https://www.gov.kz/memleket/kyzylorda-tabigat/ арқылы мәлімет алуға болады.

БӨЛІСУ