Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Онымен күрес әрбір азамат үшін ортақ парыз. Аталмыш заңсыздықпен күресу әрбір мемлекеттік орган қызметкерлерінің, ел азаматтарының міндеті екендігі бесенеден белгілі.

Осы ретте, Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Шәкірбаев басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы айтылды.
Семинарды қорытындылаған басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Ілкібаев ұжымға сыбайлас жемқорлықтың салдарының ауырлығын түсіндіріп, алдағы уақытта да басқармада осы бағыттағы ауқымды профилактикалық шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді.

БӨЛІСУ