«AMANAT» партиясы облыстық филиалының мобильді қабылдау тобының ауылдарға сапары жалғасып жатыр. Бүгін мобильді топ мүшелері Шиелі аудынына қарасты Ақтоған және Телікөл ауылдарында болып, елдегі ағайынның мұң-мұқтажын, ұсыныс – пікірін тыңдады.

Қабылдаулар барысында ауыл тұрғындары қара бастың емес, халықтың ортақ қажетті деген мәселелерді көтерді. Мәселен, Ақтоғанда ауылдық амбулатория ескі, 1971 жылы соғылған ғимарат, жағдайы өте төмен. Сол себепті ауылда заманауи жаңа үлгідегі амбулатория соғып берсе. Сонымен қатар ауылдағы жалғыз клубымыз бар еді қазір құлау үстінде тұр»,- дейді ауыл тұрғыны, зейнеткер Ибрагим Мәлікұлы.

Ал Телікөлде ауыл тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз ету, ауыл ішілік көшелерді асфальттау, «Ауыл аманаты» жобасымен берілітін 2,5 пайыздық несие, қоғамдық көлік, мал жайылымдық жер мәселесі және өзге де ортақ өзекті мәселелерді.

Мобильді топ жұмысының мақсаты – шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, олардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңестер беруді көздейді. Осы орайда топ өкілдері ауыл тұрғындары көтерген әрбір мәселені мұқият назарға алып, олардың заң аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын, әрбір өтініштің назардан тыс қалмай, олардың оң шешілуі бойынша нақты жұмыстар жасалатындығын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша нақты кеңестер беріп, мәселені сол жерде шешуге ықпал еті.

Атап өтейік, мобильді топ құрамында облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Н.Әбдікәрімов, облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі М.Нәлібаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ. Баимбетов, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Б.Қайырбекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Мирзанова, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А.Сәденова, облыстық мәдениет және спорт басқармасының бөлім басшысы Е.Жеткерұлы сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары, аудандық бөлімдер басшылары болды.

БӨЛІСУ