Қызылорда қаласындағы С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу шартына сәйкес аталмыш мәдениет үйінің сахнасында өрт оқиғасы орын алып, көрермен залына, бөлмелерге тез таралуы салдарынан қою түтін көпшіліктің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Осы оқиғаға байланысты нысан әкімшілігі шартты өрт туралы «101» нөміріне – өрт сөндіру қызметіне хабарлады. Аталмыш оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жұмылдырылды. Өткізілген оқу-жаттығудың негізгі мақсаты: Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінің күш-құралдарының нысанның күзет қызметімен бірге жедел әрекет етуін пысықтау, адамдарды ережеге сәйкес эвакуациялау және құтқару болып табылады.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында зардап шеккендерді құтқару үшін газ-түтіннен қорғау буыны жедел әрекет етті.
Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінен 35 қызметкер және 7 техника жұмылдырылды. Сонымен бірге Апаттар медицинасы орталығының филиалы, жергілікті полиция, жедел мидициналық көмек, қалалық электр торабы атсалысты. Мұндай оқу-жаттығулар арнайы қызметтермен бірлескен іс-қимылдарды шыңдау, өрт сөндіру әдіс-тәсілдерін көрсету үшін қажет.
Аталған оқу-жаттығуды Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Н. Исанов қорытындылады.