Бүгін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Сәбиұлы облысымыздың жеңіл өнеркәсіп саласының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында облыс көлемінде «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында қала, аудан аумағында жәрмеңке ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – ата-аналардың алысқа бармай-ақ балаға қажетті мектеп құралдарын бір жерден алуын ұйымдастыру, халыққа қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну болатындығы айтылды.
Өңірімізде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін іс -шараға жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынады. Атап айтқанда, «Ас-Ка» ЖШС,«Ақжүрек мүгедектер қоғамы» ҚБ , “Айша-бибі” тігін цехы және т.б.
Атап өту қажет, аталған науқан Қызылорда қаласында тамыз айының 5-нен бастап соңына дейін, ал аудандарда 16-21 тамыз айының аралығында өтетін болады.
Жәрмеңкенің өтетін орны – Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, 55, “Small” сауда үйнің автотұрақ алаңы. Жәрмеңкенің аудандарда өтетін орны туралы ақпарат кейінірек жарияланады.