Жастар ресурстық орталығында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы тағайындалды. Жиынға Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, облыстық білім басқармасы мен қоғамдық даму басқармасының бірқатар өкілдері қатысты.

Күні кеше “Айбын — 2023” IX Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынынан 20 команданың арасынан топ жарып, үздік атанған бірлестіктің жұмысы қазіргі таңда жолға қойылған. “Жас Сарбаз” — патриот жастардың басын біріктіріп, облыс көлемінде жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан бірден-бір жастар қозғалысы. Бүгінгі күнге дейін жыл көлемінде әскери-патриоттық бірлестікті Жастар орталығының аға кеңесшісі Акимжан Толебай абыроймен басқарып, әскери саланы жастар арасында кеңінен насихаттауға мол жұмыс атқарды.

“Жас сарбаздың” жаңа жетекшісі болып запастағы офицер Жаңабай Жасұлан Бақытжанұлы тағайындалды. Жасұлан 2017-2021 жж. аралығында Павлодар педогогика университетінде құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша білім алған.

Алғашқы жұмысын білім ордасынан бастаған Жасұланға абыройлы да сан-салалы жаңа қызметіне табыс тілейміз.

БӨЛІСУ