Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Алдымен, аудан әкімінің орынбасары комиссия құрамына аудандық мәслихат шешімімен өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңа комиссия құрамымен таныстырып өтті.
Мұнан кейін, күн тәртібіне сәйкес «2023 жылдың 6 айында кәмелетке толмағандармен оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары туралы» аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға инспекторы Г. Исмайлованың, «Отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында қабылданған және қабылданатын шаралар туралы» аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А. Касимованың баяндамалары тыңдалды.
Мәжіліс соңында комиссия төрағасы ағымдағы жылдың шілде айының 15-і күні Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында орын алған жастар арасында топтық төбелесті тілге тиек етіп, мектеп оқушылары мен жастар арасындағы топтық төбелестердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасап, түрлі форматтағы спорттық, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруды міндеттеді.

БӨЛІСУ