Қызылорда облыстық сотында 2023 жылдың І жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Қорытынды кеңеске Қызылорда облыстық сотының төрағасы, алқа төрағалары, судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Кеңес жұмысын облыстық соттың төрағасы Әділхади Жұмабайұлы Шығамбаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, бірінші болып баяндама жасау үшін қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Сақыбайұлы Бекжановқа сөз берді.
Баяндамашы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер бойынша есепті кезеңдегі статистикалық мәліметтерге тоқталды. Атап айтқанда ағымдағы жылдың алты айында облыс соттарына 521 қылмыстық іс түсіп, 630 адамға қатысты 513 қылмыстық іс аяқталса, оның ішінде 394 іспен үкім қабылданған, 73 іс қырқартылған, 3 іс прокурорға қайтарылған. Ал әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша соттарға 5794 іс түсіп, 5710 іс қаралған.
Келесі болып азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Мұхтар Жүсіпбекұлы Еркінбеков азаматтық істер бойынша баяндап, І жартыжылдықта облыс соттарының өндірісіне 10301 талап қою түсіп, 7672 азаматтық іс аяқталғанын (1962-і оңайлатын іс жүргізу тәртібімен), оның ішінде 4323 іс шешім қабылдаумен, 1006 іс сот бұйрығын шығарумен, 1167 іс татуласу рәсімдерімен аяқталғанын атап өтті. Сонымен қатар М.Еркінбеков алдыңғы жылмен салыстырған соттағы татуласу рәсімінің артқанын айтты.
Әкімшілік істер бойынша Қызылорда облысының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Жанат Әнуарқызы Оспанова баяндама жасап, есепті кезеңде облыс соттарына 622 әкімшілік іс қарауға түскенін, 527 іс аяқталып, оның ішінде 117 іс бойынша шешім шығарылғанын, 95 талап қанағаттандырылғанын айтты. Сондай-ақ баяндамашы 120 әкімшілік істің татуласу рәсімімен бекітілгенін атап өтті.
Қорытынды жиында Судья әдебі жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы облыстық соттың судьясы Клара Бөгенбайқызы Қаниеваның, соттардың баспасөзбен байланыс жұмысы бойынша облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Шолпан Маратқызы Маликованың баяндамалары тыңдалды.
Жиында Қызылорда облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Сағатбек Болатбекұлы Сүлеймен соттардың инфрақұрылымын дамыту, сот жұмысын ұйымдастыру мәселелері төңірегінде айтып өтті.
Кеңесті қорытындылаған Ә.Шығамбаев, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар мен тапсырмаларды айқындады.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ