Skip to content

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

1 шілдеден бастап азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау күшейтілді.

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 14,5%-ға арттырылады. Бұдан басқа, 7 және одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеген наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылмақ, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.