Кәсіпкерлік саласы бойынша ауданда 3378 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Оның ішінде, 138 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 1525 жеке кәсіпкерлер, 1715 шаруа және фермер қожалықтарды құрайды.
Ауданда 2023 жылдың 6 айында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын 133 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген.
«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы – құны 76,0 млн.теңгенің 11 жобасы, Ұлттық жоба щеңберінде екінші деңгейлі банкттерден құны 136,0 млн.теңгенің 3 жобасы, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы – 36 адамға 49,7 млн.теңге қайтарымсыз грант, «Кең дала», «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламалары – 408,8 млн.теңгенің 66 жобасы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы құны 520,5 млн.теңгеге 15 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары мақұлданып, ел игілігі үшін берілген.
Биыл жыл соңына дейін құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ жеңілдетілген несие алу үшін 2,7 млрд. теңгені құрайтын 395 жобаның құжаттары қаржы ұйымдарының қарауына ұсынылып отыр.