Ағымдағы күні, Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімімен аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік мекемелерінің комплаенс-қызметіне жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комплаенс-қызметінің рөлі» тақырыбында құқықтық семинар өтті.
Семинарға Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев, бөлімнің әдіскері Н.Құрақбаева және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне жауапты қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев түсіндірме жасап, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын және ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 907 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің заң шығару жұмысы қағидаларының 45-тармағына сәйкес, жоғарыда аталған заңнамаға енгізілген заң жобаларының басты қағидаттарына тоқталып, кеңінен түсіндірме берді. Осы ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің рөлі маңызды екендігін назарларыңа жеткізді.
Келесі болып сөз алған бөлімнің әдіскері Н.Құрақбаева квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-офицерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында заңнамаға түсіндірме жасады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жұмысының негізгі мақсаты, міндеттері, қағидаттарына тоқталып, оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі және негізгі атқаратын функцияларын жүктеу бойынша толыққанды ақпарат берді.
Бұдан бөлек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс екендігін жеткізді.
Ішкі талдау жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж. №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес слайд арқылы тәртібін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар аталған Қағиданың 1, 2 және 4 қосымшаларында көзделген нысан бойынша есептілігін толтыру тәртібін түсіндіріп, тапсыру мерзімін айтып өтті.
Кездесу соңында бөлім басшысы Е.Зұлқарнаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғыз құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен ұйымдар ғана емес бұл індетпен күресуді жалпы қоғам болып жүргізу қажет екендігін барша қатысушыларға жеткізіп, сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында әзірленген түрлі плакаттар таратылды.
Бөлім басшысы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жұмысын жандандыру, сыбайлас жемқорлыққа қүресті күшейту бағытында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі мен Үлгілік қағидаға сәйкес ішкі талдауды уақытылы жүргізуді ұсынылды.
2023-07-18