“Еңбегіміз еселі, жасампаз жарқын – Шиелі” деп аталған кітап көрмесіне аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов арнайы барып, кітап сүйер қауыммен кездесті.

Көрмеде Шиелі ауданының бай тарихынан сыр шертетін туындылар мен өлкеден шыққан атақты жазушылардың таңдаулы туындылары таныстырылды.

– Баршаңызды ақ маржандай күрішімен, қазыналы қойнауымен, нар тұлғаларымен шоқтығы биік – Шиелі ауданының 95 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Сондықтан қандай замандар болмасын кітаптың оқырмандары әрдайым арта береді деп сенемін.
Бүгін міне, мерейтой қарсаңында Шиелі ауданының тарихынан сыр шертетін, осынау киелі мекеннен шыққан жазушылардың туындыларынан жинақталған кітап көрмесі ұйымдастырылып отыр.
Көрменің мақсаты – Шиелі ауданының бай тарихын дәріптеу, ауданымыздан шыққан жазушылардың еңбектерін қалың көпшілікке таныстыру болып табылады. Мерейтой аясында осындай рухани, таным көкжиегімізді арттыратын көрмелер мен жиындар алдағы уақытта да көптеп ұйымдастырылатын болады. Барлығыңызды сол шараларға белсене қатысуға шақырамын!, – деді аудан әкімінің орынбасары.

БӨЛІСУ