Қазалы ауданының Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Аңсатов Асылбай Шудабайұлы аудандық Оқушылар үйінде ағымдағы жылдың 6-айдың қортындысы бойынша халық алдында есеп берді.

Халық алдында есеп беру кездесуін аудан әкімінің орынбасары Тлеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы ашып, 2023 жылдың 6-айлық қортындысымен аудан бойынша қылмыстық ахуал мен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы Ансатов Асылбай Шудабайұлына сөз берілді.
Басты міндет – сапалы қызмет, халықпен етене жақын болып, қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау және олардың алдын алу шараларын қабылдау.
Кездесуге ішкі істер органдарының ардагерлері, көше комитетінің төрағалары, әлеуметтік желі белсенділері және аудан тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар, полиция подполковнигі Аңсатов Асылбай Шудабайұлы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгендігі туралы, яғни Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 227-VII ҚРЗ өзгертілгендігін және 2023 жылдың 1-шілдеден бастап заңды күшіне енгені туралы қорытынды жиналыста айтылды.
Сондай-ақ, аудан көлемінде криминогендік ахуалды тұрақтандыру бағытында «Пәтер», «Қару», «Мал ұрысы», «Тұрмыс», « Жасөспірім”,«Түнгі қаладағы балалар», « Уылдырық » , « Мен және менің полицейім», «Құқықтық тәртіп» жол- көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы», «Автобус» тағы басқа да жедел профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылғанын айтып өтті.
Есеп беру жиналысы соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттандырлық жауап берілді. Сонымен қатар, полиция подполковнигі Аңсатов Асылбай Шудабайұлы Қоғамдық тәртіпті сақтауда қосқан үлесі үшін бірқатар аудан тұрғындарын « Алғыс хат» пен марапаттады.

БӨЛІСУ