Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде орналасқан «Айгөлек» балабақшасының ұжымымен кездесті.

«Айгөлек» балабақшасында 20-дан астам қызметкер жұмыс жасап, 50 бала тәрбиеленуде. 2022 жылы балабақша ғимараты қатты отыннан, көгілдір отынға қосылып, жұмыс жасауда.
«Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни, Сіздердің қолдарыңызда баланың тағдыры тұрады. Бұл мамандықтың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдарыңызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін»,-деді аудан басшысы кездесу барысында.

Бала тәрбиесімен тікелей айналысып отырған ұжым қызметкерлері де өз кезектерінде бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Кездесуден кейін аудан әкімі балабақшаның жалпы жұмысымен танысып, балаларға берілетін тағамдардң күнделікті мәзірімен және қоймалардағы, асханадағы азық-түліктердің сапасын көріп шықты.

Жалпы Сырдария ауданы бойынша 30 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасауда, онда 2050 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 17 мемлекеттік балабақша-1450 бала, 7 жеке балабақша-385, 6 шағын орталық-215 бала тәрбиеленуде.

БӨЛІСУ