«AMANAT» партиясының «Ауыл Аманаты» жобасы аясында Керделі ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков, Атамекен кәсіпкерлік палатасының басшысы Бекзатхан Бауыржанұлы, Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің жауапты маманы қатысты.
Шараның мақсаты: Ауыл тұрғындарына 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген несие беру, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне құрал-жабдық пен техника сатып алу үшін субсидиялар қарастыру «Ауыл аманаты» жобасының ұтымды тұстарын түсіндіру.
Кездесу барысында арнайы топ өкілдері бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған және несиелер биылғы жылдан бастап беріледі деп жоспарлануда. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен екендігін айтты.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жобаға қатысты түрлі сұрақтарын қойып, заңдылық аясында жауаптарын алды.
Жаңа жобаның Мемлекет басшысының ауылдарды қолдауға арналған жоспарларымен қатар жүретіндіктен, оның алтын бесігіміз ауылдар үшін маңызы мол болмақ.