Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ақжарма ауылдық округіндегі «Ақжарма и К» фермер қожалығының жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті.

Маңдай тер, табан ақы тоздырып, күннің ыстығына қарамай, ел қамбасын дәнге толтырамыз деген диханшылар биыл да межені жоғары көрсеткешпін орындайтындықтарын жеткізуде.

Аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы:
– Халық игілігі үшін жасаған жұмыстарыңыз әрдайым нәтижелі, жемісті болсын! Дала еңбеккерлерінің адал да, берекелі еңбегіне ризашылығымды білдіремін,-деді.

Биыл су шаруашылыққа облыс әкімдігінің қолдауымен арнайы бөлінген насостармен жеткізіліп отыр. Былтыр бұл шаруашылыққа облыстық бюджеттен 2 су насосы берілген болатын. Шаруалар мемлекеттік қолдауларды сезініп отырғандарын және бұл қолдаулар үшін аймақ басшысы Н.Нәлібаевқа алғыстарын білдіруде.

Жалпы «Ақжарма и К» 2013 жылдың наурыз айынан құрылып жұмыс жасап келеді. Шаруашылықтың негізгі бағыты – егін егу және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру. Шаруашылық төрағасы – Нұрсейтов Қайрат Болатұлы.
Бүгінде 80 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Ауыл шаруашылық жер көлемі 3034 гектарды құрайды.
Шаруашылықта биылғы жылы 1350 гектарға күріш, 15 гектарға арпа, 191 гектар жаңа жоңышқа егіліп, 420 гектар ескі жоңышқаны күтімге алынған. 420 гектар ескі жоңышқаның І-орымынан 630 тонна мал азықтық шөп жиналды, орта өнімі 15,0 цн/га келді.

БӨЛІСУ