1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Атап айтқанда:
-1шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырылды. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтініш беруінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді.
Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша хаттама толтыруға куәлардың айғақтары, бейне бақылау камералар мен бейне тіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды.
-Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталды. Себебі қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы материалдың жартысы татуласуға байланысты сотта тоқтатылады. Бұндай жағдайлар көбіне агрессордың қысымымен орын алады. Енді 1 шілдеден бастап сотта бір рет қана татуласу мүмкін болады.
Бұл психологиялық қысымнан туындайтын зардап шеккендерге қатысты қатал әрекеттерді тоқтатуға мүмкіндік берді.
– Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Әкімшілік қамауға алынудың нақты мерзімі анықталды және ұлғайды.
19 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің денсаулыққа ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіру (ҚК 106-бабы, ҚК 107-бабы) баптарына «Кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікті адамға қатысты іс-әрекет жасау» белгісі енгізілді. Бұл қылмыскерді оқшалау үшін қамауға алу санкциясын қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.