Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижанов барлық орынбасарларымен бірге жартыжылдықтың жұмыс қортындысына арналған брифинг өткізді.
Басым бағыттар бойынша негізгі баяндаманы жасаған Облыс прокуроры аймақтағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматтар қылмысқа қайта бармас үшін прокуратураның ұйымдастыруымен арнайы жұмыс топтары құрылған.
Осы жұмыс тобымен қылмыстарды қайта жасауға бейім 3 мың адам анықталып, оларды бақылауда ұстау мақсатында үнемі профилактикалық шаралар жүргізілуде.
Олардың ішінде тәуекел тобындағы адамдарды бақылауда ұстауға жергілікті бюджеттен электронды смарт білезіктер сатып алу үшін 84 млн теңге бөлініп, бұл білезіктер тиісті тұлғаларға орнатылады.
Кәсіпкерлерден қорқыту арқылы ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 мүшесі құрықталды. Бұл тұлғалар Қызылорда және Байқоңыр қаласы аумағында ұсталды.
Атқарылған осындай көлемді іс-шаралардың нәтижесінде жалпы қылмыс 19% – ға төмендеді (2153/1749).
Олардың ішінде: кісі өлтіру 60%-ға (15/6), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 11%-ға (18/16), алаяқтық 6% (459/432), қарақшылық 80% (5/1), мал ұрлығы 56% төмендеген (79/35).
Жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен ақылды камералар мен жылдамдық өлшегіш құралдары сатып алынып көшедегі ең қауіпті жерлерге орнатылды.
Нәтижесінде кісі өлімі, қайғылы жағдаймен аяқталатын жол көлік оқиғалары 20% – ға дейін (59/47) төмендеді және мал ұрлығы 56% – ға дейін азайды (79/35).
Еңбекақы төлемдері бойынша облыс прокуратурасының үйлестіруімен 4 кәсіпорынның 3 мың қызметкерінің жалақысы көтерілді.
Биыл бюджетке 575 млн теңге қаражат түсіруге қол жеткізіп, 20 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.
Жыл басынан бері 83 мың га болатын 120-ға жуық игерілмеген жайылымдық жер учаскелері анықталды.
Қабылданған шаралармен 19 мың гектардан асатын 50 учаске мемлекетке қайтарылды.
Кәсіпкерлікті қорғау саласында есепті кезеңде 626 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 33 лауазымды тұлға тәртіптік, 3 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.