ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамасымен ағымдағы жылдың 7 маусымында Қызылорда өңірінде жастарды әлеуеттендіруге бағытталған мүмкіндіктер керуені «TULGA BOL» жылжымалы жәрмеңке және консультациялар автобусының қызмет көрсету жұмысы басталған болатын.
Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аймақ жастарының өзекті мәселелері бойынша сала мамандарының кеңесіне 4722 жас жүгінсе, еңбекке баулу және сұраныстағы мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру шараларына 3488 мектеп бітіруші түлектер қамтылды. Сондай-ақ өзге де бағыттар бойынша 9 мыңға жуық (9079) жас қажетті мүмкіндіктерге қол жеткізді. Оның ішінде: еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы жастарды жұмысқа орналастыру, кәсіби білім алуына жағдай жасау, мамандық таңдау, сұраныстағы мамандықтар, оқу орындарындағы жеңілдіктер мен мүмкіндіктер, біліктілікті арттыру, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар, несие алудағы мәселелер, оқыту курстары мен тегін дәрігерлік қызмет көрсету жұмыстарына қамтылып, тиісті сала басшыларының қоғамдық қабылдауында болды. Өз кезегінде толғандырған мәселелерге (кәсіпкерлік, білім, жатақана, мемлекеттік тіркеу, ауылшаруашылығы, емхана, жұмыспен қамту, жасыл ел, тұрғын үй, құқықтық және т.б) толыққанды жауаптарын алды.
Аталмыш шаралар аясында бұдан болек, салааралық жұмыстармен қатар мәдени – көпшілік, қоғамдық саяси және спорттық іс шаралар ұйымдастырылып, облыс бойынша 6 мыңға жуық (6080) жас тартылды.
Бұл іс-шаралар тек қызықты ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлері олардың әдет-ғұрыптарымен және мәдениетімен байланысуға мүмкіндік берді. Ел бірлігі мен татулығы ұлықталды. Ел бірлігінің қашанда ең басты құндылық саналғанын, ал қазіргі таңда бұл құндылықтың өзектілігі арта түскенін Қазалылық жастар айрықша көрсетті.
Жастар десе көз алдымызға қамшының сабындай қысқа ғұмырында жарқылдаған Ғани Мұратбаевтың бейнесі оралатыны анық. Жарты әлемге есімі кеңінен мәлім болған жастар жетекшісінің ұлағатты жолы көпшіліктің жадынан шыға қойған жоқ. Ғани өңірінің жерлестері Сыр топырағында ауылда еңбек ету, ұрпақты тәрбиелеу және мұндағы өндірістің барлық түрін өркендетуге мүмкіндігі барын ортақ істердің тыныс-тіршілігімен таныстыруымен ерекшеленді.
Ауыл жастарының қым-қуыт шаруалардың арасында уақыт тауып, ауылішілік мәдени шараларды қолға алып өткізуі көпшілікті тәнтті етті.
Жұмыссыз жүрген және уақытша жұмыспен қамтылмаған жастардың басын біріктіріп, «Еңбек жасақтарының» қатарын кеңейтіп, іске асыру механизіміне бірнеше еңбек адамдарын толықтыруды, қоғамға үлгі ретінде жан-жақты насихаттау жұмыстары аймақтағы барлық жастар ресурстық орталықтарымен жұмылдырылып, республикада көш бастап келеді.
Сырдария ауданында үлгілік тәжірибе ретінде 2019 жылы құрылған «Еңбек бригадасы» қазіргі таңда қатарына 200-ден астам жастың басын біріктіріп, еңбекпен қамтып отырған бірден-бір аудан. Әсіресе, «NEET» санатындағы және жұмыссыз жастарға басымдық беріліп, аудан, ауылдарға қажетті мамандықтарға жастарды тарту көзделген бұл жоба қазіргі таңда жолға қойылған.
Ауылшаруашылықтың қат-қабат шаруаларын қолға алып, күнделікті сұранысқа ие тұрмыстық қажеттіліктерге сай ісін жолға қоя білген жастардың игі істері көңіл қуантады.
Әрбір елдің болашағы жастармен тығыз байланысты.
Жастардың тұлға ретінде қалыптасуына жүйелі жұмыстар жасалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, әлі де үлкен қадамдар жасалатын болады.