Қызылорда облысында 25 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) жұмыс істейді. ФАП-қа қандай медициналық көмек көрсетіледі, ауру диагнозы, дәрігердің консультациясы немесе қымбат операция қажет болса, ауыл тұрғындарына қайда бару керек?

Шиелі ауданының Жиделіарық ауылында мыңға жуық адам тұрады. Құрметті агроном Есімұлы Әбусағи ФАП-қа жүрек және жоғары қан қысымы туралы шағымдармен жүгінді. 75 жастағы еңбек ардагеріне медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетіліп, қосымша медициналық зерттеп-қараудан өту туралы ұсыным берілді.

«Зоб, жоғары қан қысымы мазалайды. Жұбайымның да қан қысымы көтеріледі. ФАП мамандары кәсіби медициналық көмек көрсетеді. Біз дәрі-дәрмектерді уақытында аламыз», – деді ардагер жергілікті медицина туралы.

Пациент Еңбекші ауылының дәрігерлік амбулаториясына жіберілді. Мұнда қабылдауды жоспарлы медициналық көмекке жіберетін учаскелік дәрігер жүргізеді. Негізгі шарт – пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылуы тиіс.

«ФАП дәрігерге дейінгі медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетеді. Еңбекші ауылының дәрігерлік амбулаториясында учаскелік дәрігер біздің тұрғындарды консультациялық-диагностикалық қызметтер алуға, күндізгі және тәулік бойы стационарларда емделуге және т.б. жібереді. Негізінен жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, бронхитпен ауырады», – деп түсіндірді Жиделі ауылының фельдшері Дархан Сәрсенбаев.

Пациенттің жағдайын бағалай отырып, учаскелік дәрігер оған ем тағайындайды немесе аудандық ауруханаға бейінді дәрігердің консультациясына жібереді. Төтенше жағдайда, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тұрғын ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізіледі. Мәселен, Жиделіарық ауылының тұрғыны Анар Сармакова аудандық ауруханаға миының шайқалуымен түсті. 53 жастағы әйелге КТ сканерлеу тағайындалды.

«Басым айналып, есімнен танып қалдым. Есімді жиған кезде құса бастадым. Қазір өзімді жақсы сезінемін, ем аламын. Менде анемия бар, бірақ мен диспансерлік есепте тұрмаймын. Мұғалім болып жұмыс істеймін. Енді мен мұқият зерттеп-қараудан өтіп, одан әрі емделемін», – дейді Анар.

Жақында ауыл тұрғындары КТ-ны аудандық ауруханада өтеді. Бұрын олар зерттеліп-қаралу үшін облыстық медициналық ұйымдарға баруға мәжбүр болды.

«КТ диагнозы осы жылдың наурыз айынан бастап жүргізіле бастады, 500-ге жуық пациент зерттеліп-қаралдыі. КТ тәулік бойы жұмыс істейді. КТ нәтижелерін ашып оқуды аудандық аурухананың рентгенологы жүргізеді және КМАЖ-ге жібереді, содан кейін Қызылорда қалалық ауруханасының маманы екінші «оқуды» жүргізеді және соңғы қорытынды береді», – деп түсіндірді Шиелі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Құрбанғалиева.

Шиелі ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге биыл әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 6,7 млрд. теңге бөлінді.

БӨЛІСУ