ҚР Парламенті Мәжілісіндегі “AMANAT” партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемовтың Сыр еліндегі іс сапары облыс орталығында жалғасты.
Алдымен, қалаға қарасты Қызылжарма ауылдық округінде орналасқан “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ 5547 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ” Республикалық мемлекеттік мекемесіне аялдаған халық қалаулылары әскери бөлімнің жұмыс барысымен танысты. Қазірде мекемеде 1000-ға жуық әскерилер қызмет етіп, отан алдындағы борышын өтеуде.

Қызметкерлер тарапы әскери бөлім штабының ғимаратына және ауласына жөндеу жұмыстарының қажет екенін, кәріз жүйелерін ретке келтіру керектігін жеткізді.

Одан кейін, депутаттар Қарауылтөбе ауылдық округіндегі мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Қазірде ауылдық округте құны 286.4 миллион теңгені құрайтын 150 орындық мәдениет үйі салынуда.
Сондай-ақ, депутаттар ауылдағы қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және де ауыл тұрғындарымен кездесіп, маңызды сауалдарына жауап берді.

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуден кейін Парламент депутаттары “Бәйтерек” шағын ауданындағы білім ошағының құрылысымен де танысты. Қазірде аталған шағын ауданда 600 орындық білім ордасының құрылысы қарқынды жүруде. Қызылорда қаласындағы іс сапар жұмыстарының соңғы аялдамасы – Қызылорда жылу электр орталығы болды.

Бұнда депутаттар жылу орталығының қыс кезеңіне дайындық жұмыстарымен танысты.
Жалпы кәсіпорынның алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына барлығы 10,8 млрд.теңге қаражат қарастырылды, оның ішінде:
– 9,6 млрд.теңге бюджет есебінен (республикалық – 8,1 млрд. тенге, облыстық бюджет – 1,5 млдр. тенге);
– 923 млн.тенге бюджеттік несие есебінен.
– 248 млн теңге өз қаражаты есебінен. (станция бойынша – 207 млн.тенге, жылу желісі – 41,3 млн.тенге)
Сондай-ақ, депутаттар түрік инвесторларының ұйытқы болуымен жаңадан бой көтергелі отырған қуаттылығы 240 мвт-ны құрайтын, құны 215,1 миллиард теңге болатын жылу орталығының жобасымен де танысты.

Айта кетейік, бұған дейін мекеме қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өскен болатын. Осы орайда еңбек ұжымымен жүздескен депутаттар олармен пікір алмасып, ұжым сұранысына сәйкес алдағы уақытта олардың жалақысын көтеруге, әл-ауқатын арттыруға жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

БӨЛІСУ