«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, «Е-Архив» АЖ-не қатысты жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері» атты тәжірибелік семинар өтті.
Жиынға аудан әкімдігіне қарасты жергілікті бөлімдер мен ауылдық округтерінің мамандары қатысты.
Семинарды аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Тілеп ашып, архив-халық қазынасы, кешегіні бүгінге, бүгінді ертеңге жеткізетін тарихи құнды құжаттар сақталатын мекеме екенін айтып, бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.
Мұнан соң «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің басшысы Ж.Абзалиева тәжірибелік семинардың мақсатына тоқтала келе, ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістерді таныстыру, ведомстволық архивтерде құжаттармен жұмыс жасау, талапқа сай сақтау, құжаттарды қалыптастыру және ұлттық архив корына тапсыру бойынша түсіндіру мақсатында іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып отырғанын айтып өтті.
Семинарда «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Қазалы аудандық архиві» филиалының басшысы Ж.Қалымбет «Қазалы ауданы бойынша ұйымдардағы құжаттардың сақталуы және архив ісінің қазіргі ахуалы» тақырыбында хабарлама жасады.
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің басшысының орынбасары Ж.Алтынбаева «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» туралы 31 қазандағы № 703 қаулысына 2022 жылғы 31 тамыздағы №630 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті.
Сонымен қатар жиында «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалының басшысы Д.Құттықожаева «Істер номенклатурасын жасау, істерді қалыптастыру мен сақтау тәртібі», «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің сарапшысы Г.Баймуханова «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және мемлекеттік архивке өткізу.
Құжаттарды ведомстволық сақтау мәселелері, ведомстволық архивке қойылатын талаптар», «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің бөлім басшысы Д.Нұрпейсов «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесімен жұмысты ұйымдастыру», «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің бас қор сақтаушысы М.Карибаева «Ведомостволық сақтау кезеңіндегі құжаттардың есепке алынуы және сақталуын қамтамасыз ету», «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қызылорда қалалық архиві» филиалының басшысы Ж. Байғараева «Жеке құрам құжаттарының толымдылығының деңгейі. Әлеуметтік-құқықтық негіздегі сұраныстарды орындау тәртібі» тақырыбында баяндамалар оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарапынан семинар барысында қойылған сұрақтар бойынша жауаптар беріліп, өзара пікір алмасты.
Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Тілеп семинарды қорытындылай келе, құжаттарға салғырттықпен қарамай, уақытылы мемлекеттік архивке өткізілу керектігін, архив саласының мамандарымен бірлесе отырып жүйелі жұмыс жүргізу керектігін ескертті.