24 маусым «Судья мен сот қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай Қызылорда облыстық сотында салтанатты шара болып өтті.
Салтанатты шараны Қызылорда облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ж.Бекжанов ашып, сот жүйесі – мемлекеттік биліктің бір тармағы әрі сот билігін Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыра отырып, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ететінін, сондықтан атаулы датаның маңызды екенін атап өтіп, сот жүйесінің жетістіктері туралы айтты.
Шарада Сот әкімшілігі департаменті басшысының міндетін атқарушы М.Асанова баяндама жасап, кәсіби мерекенің шығу тарихын айтып, сот жүйесінде жасалып жатқан реформалар мен сот жұмысын ұйымдастырудағы басым көрсеткіштерге тоқталып өтті.
Шараның негізгі бөлігі – мерекелік марапаттарды табыстау сәтінде ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Қызылорда облыстық сотының судьясы С.Жуынтаева; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының «Құрмет грамотасымен» Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіхалықов пен Қызылорда қалалық сотының судьясы М.Тоғызбаева марапатталды.
Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш Би» төсбелгісі Қызылорда облыстық сотының судьясы М.Еркінбековке; «Судьялар Одағының Құрметті мүшесі» төсбелгісі отставкадағы судья О.Кимге; «Жеті жарғы» төсбелгісі Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Текетаевқа пен Байқоңыр қалалық сотының судьясы Е.Шевцоваға тағылды.
Қазақстан Респбликасы Сот әкімшілігінің ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі қаржы бөлімінің бас маманы Л.Төлебаеваға; ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі Жалағаш аудандық сотының бас маманы Б.Исағабыловқа; Қазақстан Респбликасы Сот әкімшілігі басшысының «Құрмет грамотасы» құжат айналымы бөлімінің бас маман-сот отырысының хатшысы Г.Нәрікбаеваға табысталды.
Бүгінгі шараға арнайы келген Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы агенттік тарапынан марапатталған мемлекеттік қызметшілердің марапаттарын табыстады.
Одан бөлек бірқатар судьялар мен сот қызметкерлері Қызылорда облыстық соты төрағасының «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», ҚР Судьялар Одағының Орталық Кеңесінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының, Сот әкімшілігі департаменті басшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

 

БӨЛІСУ