Сыр елінің тәртіп сақшылары мереке қарсаңында ардагерлерді құттықтады.
Дәстүр бойынша 23 маусым – Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Елдей Сейілхан және Тасбөгет бөлімінің бастығы Серіков Қасымжан ішкі істер органдары ардагерлері Әлиев Төлеш, Мұхтаров Абулла және Алмағанбетов Жақсылық ақсақалдардың шаңырағына барып, құттықтады.
«Бүгін полиция басқармасының барлық жеке құрамының және жеке өзімнің атымнан құрметті ардагерлерімізге зор ризашылығымды білдіремін. Ұзақ жылдар бойы олар азаматтардың бейбіт тыныштығын қорғап, қылмыспен жанқиярлықпен күресіп, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін көп күш пен денсаулық жұмсады», – деп атап өтті ақсақал Әлиев Төлеш.
«Өкінішке орай, күн сайын ардагерлер саны азайып келеді, сондықтан біз олардың әрқайсысына назар аударып, қажетті көмек көрсетуге тырысамыз. Біз олардың ерліктерін ұмытпаймыз және тарихты құрметтейміз. 23 маусым – Қазақстан полициясы мерекесі қарсаңында барлық ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас қуат, амандық, жақсылық пен бейбітшілік тілеймін», – деді полиция полковнигі Сейілхан Кенжебайұлы. Ардагерлер полицейлерге көрсеткен ілтипаты үшін алғыс айтып, олардың күрделі қызметіне табыс тіледі.