Қызылордалық полицейлер мереке қарсаңында марапатталды.
23 маусым – Қазақстан Полиция күні мерекесі. Қоғамдық тәртіп – тұрақтылықтың кепілі. Қылмыспен күрес жүргізіп, халықтың ішкі қауіпсіздігін кірпік қақпай күзететін тәртіп сақшыларының еңбегі өлшеусіз. Бұл қызмет жауапкершілігі мол жұмыс. Ең басты міндет – адам өмірі, ел қауіпсіздігі. Ел үшін аянбай қызмет етуде полицейлердің еңбегі ерен. Мереке қарсаңында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жаназаров Әбдібек Сламбекұлы бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Полицейлерді марапаттау шарасы басқарманың қызметтік саптық алаңында өткізілді. Іс – шара барысында Ант қабылданып, арнаулы атақтары мен 10 – 15 жылдық медаль табыс етілді.
Сонымен қатар өзінің қызметтік міндеттеріне адал қарау және қызметтегі жоғары көрсеткіштері, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша кәсібилік пен қырағылық танытқан басқарманың 30 қызметкері алғыс хаттармен марапатталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің грамоталарымен қызметте үздік көрсеткіштері үшін 7 полиция қызметкері алғыс хаттармен марапатталды.
Басқарма басшылығы мерекелік құттықтау алғыстарын тапсыра отырып, қызметкерлерге мықты денсаулық, кәсіби өсу, жалпы нәтижеге қол жеткізуге күш-жігер тіледі.