23 маусым – Полиция күні мерекесі, 24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні мерекесі аясында аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық сот қызметкерлері мен тәртіп сақшыларын құттықтады.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен қабылдауға сала басшылары, ардагерлер және қызметкерлері қатысты.

– 23 маусым – Полиция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлердің еңбектерін бағалап, алғысқа бөлеп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына құрмет көрсететін күн.
Ауданымыздағы полиция қызметкерлері де тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етуде. Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында да қырағылық танытып, нәтижелі қызмет атқарып келеді. Сондықтан ауданның тәртіп сақшыларына зор алғысымды білдіремін.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 31 наурызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 24 маусым күні Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі Судья және сот қызметкері күнімен толықтырылды. Сондықтан Құрметті Сот саласының қызметкерлері Сіздерді де кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Әділ төрелік жасап, сот жүйесінің дамуы мен қалыптасуына қосқан зор үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте толағай табыс тілеймін! – деді аудан басшысы құттықтауында.

Шарада сала қызметкерлері облыс және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып,еңбегі еселенген сала ардагерлері мен ерен еңбегімен көзге түскен бірқатар полицейге төсбелгілер табыс етілді.

БӨЛІСУ