Қызылордалық тәртіп сақшылары “Полиция эстафетасына” қатысты.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында бүгін «Полиция эстафетасы» өтті. Аталмыш спорттық шара Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында дене шынықтыру мен қызметтік – қолданбалы спорт түрлерін дамыту мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арнайы және жұмылдыру басқармасымен және «Динамо» дене шынықтыру – спорт қоғамының облыстық филиалымен ұйымдастырылды.
«Полиция эстафетасына» 48 қызметкерден тұратын 6 команда қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Қатысушылар газқағармен түрлі қашықтыққа жүгіріп, жараланған адамды зембілмен 50 метр қашықтыққа алып жүріп, өздерінің шыдамдылықтары мен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті.
Қызықты да тартысты өткен сайыстың нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Қызылорда обысы Полиция департаментінің құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының құрама командасы қанағат тұтса, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жол –патрульдік полиция бөлінісінің құрама командасы үшінші орынды олжалады.
Жеңімпаз командалар арнайы кубокпен, дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

БӨЛІСУ