Skip to content

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1,3 ТРЛН ТЕҢГЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕНДІ

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,3 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 374,1 млрд теңге қаржы зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 421,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 952,2 млрд теңге, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 299 мың адам. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге.
БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.