Бүгін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес жұмысына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы құрылым мүшелері және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
Кеңес барысында өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер айтылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Күн тәртібінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарын сайлау мәселесі қарастырылды. Осы қызметті бүгінгі күнге дейін абыройлы атқарып келген өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Қахар Дадашевқа алғыс айтылды. Көпшіліктің қолдауымен облыстық татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Гизатуллина Галия Камилевнаның кандидатурасы ұсынылды.

Сөз соңында «Жуырда Қызылорда облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірлік ассамблеяның XXV сессиясы «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН – ДАМУ МЕН БІРЕГЕЙЛІКТІҢ НЕГІЗІ» күн тәртібімен, жаңа форматта өтеді. Қазіргі таңда сессияға дайындық жұмыстары жүргізіліп, тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді. Сессияда мемлекет басшысының хаттамалық тапсырмалары талқыланатын болады. Президент тапсырмасын жүйелі орындау мақсатында аймақтық жол картасы әзірленді. Баршаңызды осы жұмыстарды бірлесіп атқаруға және қолдау көрсетуге шақырамын!», – деді басқарма басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы.

БӨЛІСУ