Бүгін ауданда жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Tulga Bol» жылжымалы жәрмеңкесі өтті. Айтулы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы қатысып, алғы сөз сөйлеп, жәрмеңке жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жастар саясаты саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар жастарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Жәрмеңкеге жиналған жастарға аудандық білім бөлімі, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, аудандық аурухана, аудандық кітапхана мамандары қатысып, жастардың көкейіндегі сауалдарды тыңдап, мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер жайлы кеңінен баяндады.
Жәрмеңкеге қатысқан жастар сала мамандарынан жұмысқа орналасу, жастар кәсіпкерлігі, білім, денсаулық салалары, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар және т.б. бағыттар бойынша кеңес алды.
Мұнан соң жиналған көпшілік жәрмеңке аясында ұйымдастырылған түрлі ойын-сауықтық бағдарламаларға қатысып, аудан өнерпаздарының өнерін тамашалады.