Аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейдегі мектеп бітіру кешіне қатысып, жас түлектерді құттықтады.

2022-2023 оқу жылын сәтті қорытындылаған түлектерге аудан әкімі аттестат табыстап, ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары бал жинаған үздік оқушыларға «Алтын белгі» тақты.

«Ел Президенті «Адамзатты терең ойға, кемел білім жетелейді» – деп атап өткеніндей, ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Білімді, білікті мамандары көп ел ғана мықты мемлекет бола алады. Міне, осы бағытта мектеп-лицейде атқарылып жатқан игі істерге сәттілік тілеймін.
Мектеп оқушылары білім, спорт, өнер сайыстарына белсене қатысып, мектеп абыройын биікке көтеруде. Бұл білім ордасы алдағы уақытта өзінің биіктігін әлі де мойындатады деп сенемін» – деді аудан әкімі.

Жас талапкерлерге сәттілік тілеген Асқарбек Есжанов ауданымызда да болашақтың тірегі – жастардың толыққанды білім алуына жан-жақты жағдай жасалып, білім беру сапасы жылдан – жылға артып келе жатқанын айтты.
Ауданның білім беру жүйесін қаржыландыру биылғы жылы 14 млрд. 932 млн. теңгені құрап, осыдан бес жыл бұрын аталған салаға бөлінген қаржы көлемінен 6 млрд. теңгеге ұлғайғанын жеткізді.

Оқушылардың игілігі үшін Жалағаш кентінен Оқушылар Үйі мен Өнер мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

2022-2023 оқу жылында Жалағаш ауданы бойынша 356 оқушы “Алтын ұя” мектебімен қоштасуда. Оның ішінде 333 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Аудан бойынша 17 оқушы «Алтын белгіге» аяқтап, 42 оқушы «Үздік аттестат» иеленуде. Оның ішінде Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейдің 2 бітірушісі «Алтын белгі», 3 бітірушісі «Үздік аттестат» иеленді.

БӨЛІСУ