Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқарма басшысы Ғанижан Піртазаұлы ауданға жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары аясында басқарма басшысы аудан әкімі Жандос Еркінбекпен және бір топ қоғам белсенділері, аудандық мәслихат төрағасы, мәслихат депутаттарымен бірге облыстық маңыздағы Жосалы-Жалағаш автомобиль жолының бойындағы су басу салдарынан зақымданған көпір мен су өткеліне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді. Қазіргі таңда, аталмыш көпірді жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Одан кейін, басқарма басшысы Т.Көмекбаев ауылындағы құрылысы жүріп жатқан су құбырының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласына арнайы барып, жаңадан салынып жатқан бес қабатты 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын көрді.