Қызылордалық полицейлер медицина қызметкерлерін құттықтады.

Бүгін қызылордалық полицейлер дәрігер-әріптестерін кәсіби мерекелері – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.
Кәсіби мерекеге орай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен ведомстволық емхананың аймақтық дәрігері Райкүл Сейтенова және ӘДК төрайымының м.а. Гаухар Бақбергенова марапатталды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен емхананың дәрігер-бактериологі Ахметова Гульнара, аймақтық терапевт дәрігер Есмаханова Марал, емхананың аймақтық аяжаны Тулкибаева Раушан «Грамотамен» марапатталса, емхананың шаруашылық аяжаны Тұрманов Мәншүк, Жалағаш ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының фельдшері Жамалатов Алмат «Алғыс хатпен» марапатталды.
Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Искаков Ермек Бердалыұлы ведомстволық емхана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
«Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі.
Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш – жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз!» деді Ермек Бердалыұлы.

БӨЛІСУ