Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, 2023 жылдың 5 айында Жалағаш ауданында атқарылған жұмыстар бойынша аудан әкімі Асқарбек Есжанов Жалағаш кенті халқымен есепті кездесу өткізді.

Кездесу Дәуімбай елді мекенінде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан бір қатар ұсыныстармен мәселелер қозғалды.
Аудан әкімі алдымен Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылға бюджет есебінен 4,9 млрд. теңгеге жоспарланған 33 жобаға тоқталып өтті.

Қазіргі таңда Жалағаш кенті М.Шәменов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ескі жолды қырып, құм аралас тас төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Мұнан бөлек З.Ижанов, Т.Әбжалиев, Жеңістің 50 жылдығы, А.Қазыбеков, Қ.Нүрпейісов, Желтоқсан, Мысық би, А.Бектібаев, І.Нүркенов, И.Панфилов барлығы 10 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сондай-ақ, Жалағаш кентінен теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы 2023 жылдың мамыр айында басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан құрылыс нормалары бойынша бекітілген құрылыс жұмыстарының кестесіне сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күнге мамандандырылған мекемемен теміржолдың оңтүстік бетіне тіреу конструкцияларын (свайларды) орнату жұмыстары толығымен аяқталып, солтүстік жағына орнату үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. «Наркескен» спорт клубы және аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимараттарын табиғи газға ауыстыру жұмыстары жуырда басталады.

 Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» учаскесіндегі инженерлік инфрақұрылымның сумен жабдықтау құрылысы пайдалануға беріліп, газбен жабдықтау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары іске асырылуда. Кент тұрғындарының ұсынысына сәйкес Өмірбай шешен көшесі қайта тегістеліп, тас төселді. Сәрке батыр көшесінің тұйығында тұратын халықтың тілегі орындалып көшеге жарықтандыру және тас төсеу жұмыстары жасалды. Жалағаш кентіндегі ПМК-09 көшесіне тас төсеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тұрғын үй қорынан 50 тұрғын үй сатып алу үшін жер учаскелері белгіленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Асқарбек Есжанов атқарылған қыруар шаруадан бөлек алдағы уақытта халықтың сұранысына сәйкес мерзімі бар жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы үшін бірге жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

БӨЛІСУ