Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерді аралап, құрылысы жүріп жатқан нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен Т. Көмекбаев ауылында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан салынып жатқан су құбырының құрылыс жұмыстарын көрді.

Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын ширатып, қысқа мерзім ішінде тұрғындар игілігі үшін пайдалануға беруді тапсырды.
Аталмыш су құбырының құрылысы аяқталғаннан кейін, ауылдағы 223 үй, яғни тұрғындарың 100 пайызы 24/7 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Одан соң, аудан әкімі жалпы көлемі 8 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» автожолының құрылыс жұмыстарын бақылады.

БӨЛІСУ