Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу және аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, жиын барысында комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, кент, ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатттық жұмыстарды күшейту тапсырылды. Жиын қорытындысымен аудан басшысы арнайы хаттаммалық тапсырмалар жүктеп, оның орындалуы тікелей бақылауында болатындығын жеткізді.