Арал ауданы көлемінде «Заңсыз келуші-2023»жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Арал ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен 2023 жылдың маусым айының 19-мен 25- күндері аралығында аудан аумағында шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу және шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз көші-қонды ескерту, жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау мақсатында, «Заңсыз келуші-2023» жедел профилактикалық іс шарасы жүргізілуде.
Іс шараның негізгі мақсаты көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен қабылдаушы адамдар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз тұрып жатқан шетелдіктерді, заңсыз көші-қон арналарымен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар ҚР-на келіп кетуі мен ҚР-да болу ережелерін сақтау болып табылады, осыған байланысты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып нәтижесінде, Өзбекстан Республикасының 2 азаматына Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабының 3-бөлігінің 1-ші тармағымен әкімшілік хаттама толтырылып рәсімделді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2 азаматына қатысты шетел азаматтарын үй жайларда қабылдап, белгіленген тәртіппен уақытылы тіркеуден өткізуді қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 518 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып рәсімделді.