Қызылорда облыстық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Қылмыстық құқық және процесс», «Әкімшілік құқық бұзушылық және процесс» секциялары бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинарға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының, қылмыстық істерді қарайтын соттардың және онлайн режимде аудандық соттың төрағалары мен судьялары қатысты. Оқу семинарды қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, алғаш болып баяндама жасау үшін Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.Рыскұловқа сөз берді.

Бандамашы соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасын баяндап, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасудың негізгі мақсаты қылмыстарды жылдам және толық ашу, тергеп-тексеру және ҚПК-ның 8-бабында көзделген өзге де қылмыстық процесс міндеттерін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, кінәсіздік презумпциясы және қылмыстық процестің басқа да негізгі бастапқы қағидаттарын қатаң ұстана отырып, жасалған келісімге сәйкес соттың сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруі және істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылауын жүзеге асыруы жолымен шұғыл орындауы болып табылатыны түсіндірілсін атап өтті.

Сондай-ақ Э.Рыскұлов  ҚПК-ның 613-бабына сәйкес күдікті, айыпталушы процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдірген; күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған және жәбірленуші іске қатысқан жағдайда, ол процестік келісім жасасуға келіскен кезде жасалуы мүмкін екенін айтты.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында Шиелі аудандық сотының судьясы Ж.Сарбасованың баяндамасы тыңдалды.

         Атап айтқанда баяндамашы ӘҚБтК-нің бірқатар баптарына енгізілген өзгерістерге тоқталды. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі ҚР Заңына сәйкес, Кодекстің 590-бабына мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді және осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет – 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға және бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келетінін көрсетті.

Ал 613-бапқа енізілген өзгерістерге сай ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, ҚР басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам), көліктік бақылау органдары қызметкерінің ҚР аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау 30 АЕК мөлшеріндегі  айыппұл салу 40 АЕК болып өзгергенін атап өтті. Баяндамалардан соң қатысушылар тақырыпты жан-жақты талқылады.

 Семинарды қорытындылаған Ж.Бекжанов азаматтардың құқығын қорғау басты назарда екені, сондықтан өзгерістер бойынша заң нормаларын қатаң сақтау керек екенін тапсырды.

БӨЛІСУ