Кәсіпкерлік саласында туындаған мәселелерді қарау жөніндегі облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалығымен жұмысшы топ отырысының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа топ мүшелері, мүдделі мемлекеттік орган басшылары мен кәсіпкерлер, Қызылорда қаласы мен аудан әкімі орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде негізгі 2 мәселе қаралды:
1. Бөлшек салықтың арнаулы режимін қолдана алатын қызмет түрлері үшін бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету бойынша Қызылорда облыстық қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласы қауымдастығының төрайымы Ақмарал Әбдіразақова және Қызылорда туристік қауымдастығының төрайымы Сәуле Бөлегенова ұсыныстарын жеткізді. Жұмысшы топ мүшелері кәсіпкерлер көтерген ұсыныстарды бірауыздан қолдайтынын жеткізді.
2. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, жоба менторы Мишукова Наталья 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясындағы «Мен кәсіпкер» бағдарламасының «Бір ауыл – бір өнім» бағыты бойынша таныстырып өтті. Аталған мәселе бойынша, әйел кісілерді «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысуға тарту, олардың туындаған сұрақтары мен мәселелерін шешуге қолдау көрсету бағытында тиісті жұмыстарды қамтамасыз ету тапсырылды.