Қазақстан Республикасының сот жүйесі бүгінгі күнге дейін үлкен даму жолынан өтті. Қазіргідей сапалы заңдар, сәулетті ғимараттар, заманауи құрылғылармен жабдықталған мәжіліс залдары бір күнде пайда болған жоқ.

Істі қарайтын судьяны компьютердің көмегімен таңдау, сот отырысы то­ лықтай таспаға жазылатын­ дықтан қысқаша хаттама жазу, сот құжаттары мен сауалдарына қашықтан жа­ уап берудің шындыққа айна­ эларына ол кезде ешкім сен­ беген. Мұндай игіліктің бәрі жылдар бойы жүргізілген сот реформасының жемісі. Сонымен бірге, бұл мемле­кетімізде сот жұмысын жетіл­ діру үшін тұрақты қолдау көрсетілгенінің нақты нәти­жесі.

Дала заңының қағида­ сына сай қазақ жерінде төрелікті билердің жасағаны белгілі. Ол кездің әділ де ту­рашыл билері судьяның да, прокурор мен адвокаттың да рөлін қатар атқарған еді. Ал Кеңестік дәуірде жүргізілген реформалар қазақты осы тарих қойнауынан тамыр тартқан қазақы құқықтық қазынасынан ажыратуды көздеді. Шоқанның сот ре­формалары туралы жазба­лары патшалық Ресейдің қазақтарға қатысты отарлық әкімшілік­ басқаруына қар­сылығы деп бағалағанымыз жөн. Өз жазбасында Шоқан Уәлиханов қазақ халқы­ның саяси­ экономикалық құқықтары мен мүдделерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, қорғауға тырысты. Патша үкіметінің қазақтың билер сотын сайлау принципіне көшіру мен мемлекет орга­ны арқылы бекіту жөніндегі заңына Шоқан қарсы шығып, сот реформасының бұл түрі халық мүддесіне қайшы ке­летінін көрсетті. Жанашыр ұл жаңа реформа билер инсти­тутын құрдымға кетіретінін сол кезде­-ақ болжаған. Бұл кезде сот саласындағы ре­ формаларға қарсы тұру, өз­герту мүмкін емес еді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өшкенімізді жандырып, сөнгенімізді жаңғыртудың сәті түсті. Осылайша егемендік­тің арқасында сот саласы етек­-жеңін жинап, ел тірегіне айналды.

Тәуелсіздік алғаннан кей­інгі алғашқы қадамның бірі сот жұмысын жаңғыртуға бағытталды. «Сот жүйесі және судья мәртебесі тура­лы» заңның қабылдануы сот пен судьяның тәуелсізді­гін қамтамасыз етіп, әділ төрелікке сырттан жасала­тын ықпалды азайтуды мақ­сат етті. Орыс жазушысы Эдуард Севрус «Реформа де­генді жаңа заңдарды асығыс қабылдау деп түсінбеу керек. Реформа – ескі заңдарды талассыз орындату» деген екен. Біздің елімізде де әрбір заң үлкен ізденістің, терең еңбектің жемісі.

Жаңа өзгерістерге қаты­сты пікірін білдірген «Бейкер және Макензи» кеңсесінің директоры Куртис Мастерс «Қазақстанның сот жүйесін бұрынғы кеңестік елдердің ішіндегі ең үздіктердің бірі» деуі бекер емес. Жоғарғы Соттың шетелдік елшілердің басын қосып өткізген жиы­нында айтылған бұл пікірге  сол кезде барлық қонақтар қосылған еді. Бұл да болса, қазақстандық соттың бағы­ тының дұрыс, бағдарының айқын, міндетінің ауқымды екенін көрсетеді.

Сот реформаларының нәтижесі жоғары. Қазақ­ стандық соттың даму са­ тысын електен өткізген шетелдік әріптестердің бар­ лығы қысқа ғана уақытта сот төрелігінің айтарлықтай жетістікке жеткеніне таң­ даныспен қарайды. Мұндай қарқынды өзгерістің құпия­ сы – мемлекеттің сот да­муына жіті көңіл бөліп, сот билігіне құрметпен қарауы­на байланысты болса керек.

Қарап отырсақ, тәуел­ сіздік алғалы Мемлекет бас­шысы жыл сайын халыққа жолдауын жариялап келеді. Осы стратегиялық құжат­тың бір де­ бірінен қазақстан­дық соттың мәселелері мен міндеттері шет қалып көр­ген емес. Жолдауда жүк­ телген тапсырмалар талай іргелі жаңғыртуларға алғы­ шарт жасады. Бүгінде өзінің тиімділігін көрсеткен маман­ дандырылған соттар, алқа­ билер соты, медиация, сот сатыларын оңтайландыру тәжірибеде мықтап орнықты. Ал Мемлекет басшысының қолдауымен әр төрт жыл сайын өткізілетін соттар съезінің сапалы сот төрелі­ гіне негіз қалағанына күмән жоқ. Ендігі міндет – жақсы істі үзіп алмау, жаңғыртулар­ды тиімді жалғастыру. Халық сенетін, ел арқа сүйейтін сот төрелігін құру бойынша қолға алынатын жұмыстар алдағы уақытта да тоқтап қалмайды.

М.ТЕКЕТАЕВ,

Қызылорда облысы азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

БӨЛІСУ