ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов қазақстандық үшжақты делегацияның басшысы ретінде осы жылдың 5-16 маусымы аралығында Женевада өтетін Халықаралық Еңбек Ұйымының Халықаралық еңбек конференциясының 111–ші сессиясының жұмысына қатысуда. Пленарлық отырыста ол Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек саласының дамуы туралы хабардар етті.

Қазақстандық делегация құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері кірді.

А. Сарбасов ХЕҰ-мен өзара іс-қимылдың Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ынтымақтастық жылдарында ХЕҰ-ның 25 конвенциясы ратификацияланды, 131 («Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы») және 190 («Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы») конвенцияларды ратификациялау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ол Қазақстанда 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім іске асырылып жатқанын, онда тараптардың (үкімет, жұмыс берушілер және кәсіподақтар) жұмыскерлер үшін лайықты еңбек жағдайларын жасаудағы өзара ынтымақтастық жөніндегі бірлескен міндеттемелері бекітілгенін хабарлады.

Халықтың әл-ауқат деңгейін арттыруға бағытталған Орнықты даму мақсаттарына дәйекті қол жеткізу үшін іс-шаралар жүзеге асырылуда. Премьер-Министр бастаған Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.

БӨЛІСУ